00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қапшағай қаласында жас жұбайлар асылып қалған (ВИДЕО)

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қапшағай қаласында жас жұбайлар асылып қалған (ВИДЕО)

КТК телеарнасындағы сюжетте айтылғандай, сұмдық оқиғаны естіп, есеңгіреген Қапшағай қаласының кей тұрғындары жас жұбайлар өздігінен мұндай қадамға барды дегенге сенбейді. 

Бізге келген суретте осы жерде екеуі асылып тұрғанын жіберді. Екеуі жақында құдаласқан 23 жастағы ер бала, 18 жастағы қыз. Казинодан шықты деген әңгіме айтылды. Өздері асылғанға ұқсамайды, - дейді Қапшағай қаласының тұрғыны Ләйлә Мұрат.

Мәйіттерді сол маңнан кездейсоқ өтіп бара жатқан тұрғындар көріп, полиция шақыртқан.

Аза бойыңды қаза қылатын оқиға Қапшағай қаласының орталығында болыпты.

Жас жұбайлардың асылып тұрған суретіне қатысты қапшағайлықтар түрлі қауесет таратып үлгерген. Кей адамдар оларды өлтіріп, сосын асып қойған десе, енді бірі ата-аналары неке қиюға рұқсат бермеген соң өмірін өлімге қиған деседі.

Алайда Полиция департаменті мұндай алып-қашпа әңгімелерді жоққа шығарды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, ерлі-зайыптылардың денесінде зорлық-зомбылық белгісі табылмаған. Көз жұмған жігіт – 22, келіншек 18 жаста екен.

Оқиғаның себеп-салдарын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр.

Жас ерлізайыптылардың өзіне қол жұмсау фактісі бойынша ҚР ҚК 105-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Тергеу Қапшағай қаласының полициясында жүргізіліп жатыр. Істің барлық мән жайы анықталуда, - дейді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Әбілтай Әбенов.

.