00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«100 жаңа есім» үміткері оқушы қыздарды зорлаған деген күдікке ілінді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«100 жаңа есім» үміткері оқушы қыздарды зорлаған деген күдікке ілінді

Құқық қорғаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде Президентке осы істі бақылауға алу туралы өтінішпен жүгінді. Полиция қызметкерлері басқа да жәбірленушілер болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінуін сұрайды.

Құқық қорғаушының посттарындағы мәліметтерге сүйенсек, әкімдік қызметкері болған ер адам әлеуметтік желілерде қыздармен танысып, өзіне ғашық қылған, кейін оларды оңаша пәтерге шақырып, жақын қарым-қатынастан кейін жаңа құрбан іздеген болуы мүмкін. Ол парақшасында өзінің нақты жасын жасырып, отбасылық жағдайы туралы айтпаған. Ер адам үйленген, баласы бар.

Qostanay media дерегінше, бүгінде күдікке ілінген шенеунік жұмыстан өз еркімен шығуға өтініш берген. 

Тағы бір айта кетерлік жайт, ол 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «100 жаңа есім» жобасына «Мәдениет және спорт» аталымы бойынша үміткер болған

Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3-1-бөлігі, 1-тармағы («Кәмелетке толмаған баланы зорлау») бойынша соталды тергеу басталды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Осы өтініштен басқа полицияға арыздар мен хабарламалар түскен жоқ. Полицейлер жәбірленушілер болған жағдайды құқық қорғау органдарына хабарлауын сұрайды. Ақпарат құпия сақталатынына кепілдік беріледі, – деп түсіндірді Полиция департаменті өкілі.