«Ондай адамдардың жоғалтатын ештеңесі жоқ» – Бас прокурор «Дикий Арман» жайлы
Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Бас прокуратура арнайы прокурорлардың жетекшілік етуімен ведомствоаралық жедел-тергеу топтары құрылды. Бүгінгі таңда 35 мыңнан астам жедел тергеу әрекеттері, соның ішінде 20 мыңнан астам тексеру, жауап алу, тінту жүргізілді. 3,5 мыңнан астам сот сараптамасы тағайындалды, – деп атап өтті Бас прокурор.
Сонымен қатар ол қаңтар оқиғасына қатысты қамауға алынғандарға тоқталды.
Бүкіл орган бойынша қамауға алынғандардың жалпы саны 766 күдіктіні құрайды. Олардың негізгі тобы – 30 жасқа дейінгі жастар, жұмыссыздар, жоғары білімдеру жоқ. 19-ы – деструктивті діни ағымның өкілі болса, 27-і – тыйым салынған экстремистік ұйымның белсенділері, 24-і – ұйымдасқан қылмыстық топқа мүше. 113 тұлға адам өлтіру, ұрлау, тонау және қарақшылық бойынша сотталған, – деді Берік Асылов.
Сондай-ақ ол қылмыс әлемінде танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты айтты.
Мысалы, қамауда отырған «Жабайы Арман» деген атқа ие Жұмагелдиев пен оның тобының 14 мүшесі бар. Ондай адамдардың жоғалтатын ештеңесі жоқ, сондықтан олар түрлі қылмысқа оңай барған. Дүкендерді тонап, тонаушылықпен айналысқан, әкімшілік ғимараттарды қиратқан. Жасалған қылмыстарға қатысы бойынша 22 мыңнан астам тұлға тексерілді, - деді ол.