00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Өскемендік балалар мұғалімінің көлігін өртеп жіберген

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Өскемендік балалар мұғалімінің көлігін өртеп жіберген

Зардап шеккендердің бірі полицияға хабарласқаннан кейін бейнебақылау камерасы арқылы бұзақылардың жеке басы анықталған. Ер адам күндіз BMW-сын үй маңына қойып кеткен, кейінірек көршілері көлігі жанып жатқанын айтқан.

Полиция дәл осындай жағдайда бұрын тағы екі көлік бүлінгенін анықтаған. Олар – Lexus және Nissan Liberty көліктері. Балалар бұл да өздерінің ісі екенін мойындаған. Оқушылардың іс-әрекеттерінен айтарлықтай зиян келген.

Полиция қызметкерлері бөлімшеге 8 жастан 11 жасқа дейінгі үш кәмелетке толмаған баланы жеткізді. Қазір бұл іс бойынша ҚК-нің 202-бабы 1-бөлігі "Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, өртеу, жарылыс жолымен немесе өзге де жалпы қауіпті тәсілмен жасалған елеулі залал келтірді" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді ведомство өкілі.