«Телефонмен сөйлесіп жатырсыз ба?»- депутат вице-премьерге ескерту жасады

9 сәуір, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Телефонмен сөйлесіп жатырсыз ба?»- депутат вице-премьерге ескерту жасады
Фото: скриншот/ҚР Парламенті Мәжілісі

Мәжіліс отырысында депутат Бақытжан Базарбек Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге ескерту жасады. Бұл жаңа Салық кодексіне енгізілген түзетулерді қарау кезінде орын алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Парламенттің төменгі палатасында тиісті заң жобасын Серік Жұманғарин таныстырған болатын. Жарыссөз кезінде кезек депутат Бақытжан Базарбекке келіп жетті, ол тау-кен секторының мүдделерін қолдау туралы мәлімдеді. Осы кезде вице-премьер Серік Жұманғарин телефонмен сөйлесіп жатқан болатын.

«Серік Мақашұлы, қазір телефонмен сөйлесіп жатырсыз ба? Ал жазбаны кейін тыңдайтын шығарсыз»,-деді мәжілісмен вице-премьерге сөйлеген сөзінде.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов өз кезегінде депутаттың өзіне ескерту жасады.

«Сөйлеу мәдениетін сақтаңыз, бұл ресми жиналыс, Парламент. Қарым-қатынас мәдениетін сақтау қажет», - деді Қошанов.