«Ерлік пен еңбек дастаны» байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр

20 ақпан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
«Ерлік пен еңбек дастаны» байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазақстанда дарынды авторларды қолдауға және қоғамдағы еңбек мамандықтарының маңызын көрсетуге арналған «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауына өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Байқау Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жарияланды.

Байқаудың негізгі мақсаты – қарапайым еңбек адамдарының өз ісіне деген адалдығы мен сүйіспеншілігін, әр мамандықтың ерекшелігін насихаттайтын туындылардың жазылуына ықпал ету арқылы еңбек адамдарын насихаттау.

Байқауға қатысатын туындыларда еңбек адамдарының ішкі жан дүниесі, басынан кешкендері, армандары мен күнделікті кездесетін қиындықтары қамтылуға тиіс. Сол арқылы қаламгерлерге халықтың ыстық ықыласына бөленген, жас ұрпаққа үлгі-өнеге болатын бірегей образдар жасауға мүмкіндік беру.

Байқауға бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған кез келген жанрдағы жаңа шығармалар қабылданады. Конкурстың жеңімпазын қаламгерлер мен қоғам қайраткерлерінен тұратын комиссия анықтайды.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың тамызына дейін жалғасады.

Байқауға ұсынылатын шығармалар келесі мекенжай бойынша қабылданады: ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76. Электронды пошта: erlikpenenbekdastany@gmail.com.

Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 727-397-61-97, +7 727-397-61-15.