Наурызнама-2025: демалыс күндері Астана, Алматы қалаларында қайда баруға болады

Наурызнама-2025: демалыс күндері Астана, Алматы қалаларында қайда баруға болады
Жетісу облысы әкімдігі

Көктемнің жаршысы, береке мен бірліктің мерекесі – Наурыз мейрамы Қазақстанда кең көлемде тойлануда. Биылғы жылы елімізде “Наурызнама” декадасы жарияланып, 10 күн бойы түрлі мәдени, спорттық және экологиялық шаралар өтеді. Наурызды ерекше көңіл-күймен қарсы алғысы келетіндер үшін еліміздің басты қалаларындағы қызықты іс-шараларға шолу ұсынамыз. 

Астана

Елордада «Наурызнама» он күндік мерекесі 14 наурыздан басталып, 24 наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта Астанада 200-ден астам үлкен іс-шара өткізіледі: концерттер, көрмелер, қойылымдар, шығармашылық кештер және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады. Әрбір күннің өзіне тән тақырыбы бар:

       19 наурыз – Жаңару күні

«Таза Қазақстан» акциясы аясында қаладағы барлық аудандарда үлкен сенбіліктер өтеді. Сонымен қатар, жоғары медициналық колледжі «Даналық» «Ұмыт қалған ұлттық рецептер» фестивалін  ұйымдастырады.

         20 наурыз – Ұлттық спорт күні

Qazaqstan жеңіл атлетикалық кешенінде «Ұлы дала ойындары» турнирі өткізіледі. Асық ату, бес асық, арқан тарту, ләңгі тебу, садақ ату сияқты ұлттық ойындар ұйымдастырылып, «Арғымақ» Ат спорты-сауықтыру кешенінде  теңге ілу, қыз қуу, көкпар, асық ату, құс бегілік, атқаміну дәстүрлерінің көрсетілімдері болады.

         21 наурыз – Бірлік пен ынтымақ күні

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта қазақ оркестрі «Достық сазы» концерті өтеді, ал Қуыршақ Театрында 12:00-де және 16:30-де «Наурыз-Думан» атты қуыршақ шоуы қойылады.

         22 наурыз – Жаңа жылдың бастауы

Достық пен бейбітшіліктің символы ретінде Достық сарайында «Наурыз сыйлығы» ұлттық марапаты тапсырылады. Сонымен бірге, Музыкалық жас көрермен театрында  18:00-де «Абай-Тоғжан» қойылымы көрсетіліп, Қуыршақ театрында  тағы бір рет «Наурыз-Думан» шоуы ұйымдастырылады.

         23 наурыз – Тазалық күні

Экологияны қолдау мақсатында «Жер сағаты» акциясы аясында жарық өшіріледі, ал елдік масштабда «Тазару» іс-шарасы – көшелер мен ауладағы қарды жинау жұмыстары өтеді.

Алматы

Алматы қаласы биыл Наурыз мерекесін ерекше ауқымда атап өтеді. Мұнда дәстүр мен заманауилықтың үйлесімі, спорттық жарыстар, жәрмеңкелер мен түрлі іс-шаралар бірнеше маңызды алаңда өткізіледі:

         21 наурыз – Бірлік пен ынтымақ күні

Астана алаңында сағат 11:00-де «Алматы – Наурыз құшағында» атты басты концерт өтеді. Аңызға айналған  «Дос-Мұқасан» ансамблі, Майра Мұхамедқызы, Жанар Айжанова, Өмірқұл Айниязов, Жазира Байырбекова, Игорь Благородный, Толеген Рахымбаев, «КешYou» тобы, Диная, AyaFunk және басқа да атақты орындаушылар сахнада өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, 21-25 наурыз аралығында Абай алаңында сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін Nauryz Fest фестивалі, дәстүрлі мәдени мұраны заманауи технологиялармен ұштастырады.

Астана алаңында сағат 18:00-де Juldyzdy Almaty фестивалі өтеді, онда спорттық ойындар, қол өнершілердің  жәрмеңкесі және отбасылық іс-шаралар ұйымдастырылады, сондай-ақ фотозоналар мен арт-объекттер орнатылады.

         Интерактивті аймақ

Панфилов және Жібек жолдары жаяу жолаушылар жүру аймақтарында сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін стильдендірілген киіз үйлер, алтыбақан орнатылады. Мұнда қол өнер  жәрмеңкелері, шеберлік сабақтары, мүсіндеу, қыш тағам жасау, әшекей заттар шығарумен қатар, ұлттық музыкалық аспаптарды жасау, суретшілердің көрмелері және балалар аймақтары ұйымдастырылады. Қонақтарды виртуалды  аватар «Ғалымжан» қарсы алып, мереке туралы қызықты әңгімелер баяндайды.

Кешкі уақытта Абай алаңында белгілі орындаушылардың концерттері өтеді.

Ал Арбатта «Наурыз тойы – мерекем, салт-дәстүрім – берекем» атты кітап жәрмеңкесі өтеді, онда жазушылар мен публицисттер, ақындар мен дәстүрлі жанрдағы орындаушылар өздерінің шығармашылық туындыларын таныстырады.

         22 наурыз – Жаңа жылдың бастауы

Абай даңғылында  сағат  9:30-де, Назарбаев пен Достық даңғылдары  арасында 5000-ге жуық адам Абай Құнанбайұлының  шығармаларын шырқайтын хорлық орындау ұйымдастырылады. Музыкалық оқу орындарының студенттері және қала тұрғындары бірлесе «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас» әндерін орындайды.

         Қосымша іс-шаралар

Абай алаңында қол өнершілір  жәрмеңкесі кең көлемде өтеді, онда ағаш, зергерлік, теріден бұйымдар мен тоқымашылар өз өнерлерін көрсетеді.

Панфилов көшесінде «Ой-Думан» интеллектуалды ойыны арқылы алматылықтар  мен  қала қонақтарының Наурыз туралы білімі тексеріледі.

Сонымен қатар, Алматылықтар ұлттық ойындар бойынша шеберлік көрсетілімі, мастер-класстар, турнирлер мен арнайы VR-экспириенстер арқылы Наурыз тарихына саяхат жасайды – ежелгі дәуірге сапар, садақ ату жарысы мен виртуалды шайқастар ұйымдастырылады.

         24 наурыз

Event Space Forum-да сағат 18:00-де жас орындаушылардан құралған Dizzy Nauryz Fest музыка фестивалі өтеді.

Арбатта тағы да «Наурыз тойы – мерекем, салт-дәстүрім – берекем» атты кітап жәрмеңкесі, ал ARTиШОК театрында поэтикалық рок-мистерия «NIGHT SHADOW WHISPER» қойылымы ұйымдастырылады. Мұнда Эдгар По,  Бодлер және Пушкин өлеңдері Deftones, HIM және Muse тобының әуенімен үндеседі.

Алматы облысы

Алматы облысы  бойынша негізгі мерекелік шаралар бірнеше орталық алаңда өтеді:

         Орталық алаң

Мұнда 25 дәстүрлі киіз үй орнатылады, қонақтар ұлттық салт-дәстүрмен танысып, қазақ тағамдарын дәм татуға мүмкіндік алады. Негізгі сахнада Қазақстандық  эстрада жұлдыздарының концерті өтеді.

         Қонаев  көшесі

Қол өнер шеберлік сабақтары, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі және сәндік бұйым  өнер көрмесі ұйымдастырылады.

         Соқпақбаев  атындағы қалалық саябақ

Мұнда қазақша күрес, асық ату және гір көтеру сияқты ұлттық ойындар өтеді. Сонымен қатар, фотозоналар, аниматорлар бағдарламалары және балаларға арналған ойын-сауық шаралары ұйымдастырылады.

Облыс басшылығы хабарлауынша, «Наурыз-2025-тің негізгі оқиғалары – Кыдыр-ата образындағы театралданған қойылым, дәстүрлі Наурыз-көже дастарханы, 100 домбырашының Нұрғиса Тлендиев  мерейтойына арналған күй шеруі, сондай-ақ  Қазақстандық  эстрада жұлдыздарының концерті мен ашық аспан астындағы Open Air кештері болады.

 Жетісу облысы

         21 наурыз – Бірлік пен ынтымақ күні

Жетісу облысында «Наурыз керуені» атты ауқымды  шеру өтеді.

         22 наурыз – Жаңа жылдың бастауы

Талдыкорған қаласындағы «Жастар» саябақта негізгі мерекелік іс-шара өткізіледі. Мұнда 20-дан астам киіз үй орнатылады.

Түркістан облысы

         19 наурыз – Жаңару күні

Түркістанда «Түркістан –әлемінің туристік астанасы» атты туристік маусымның ашылуы өтеді. Мұнда Jana lep, «Самғау» ансамблі, ұлттық аспапшылар, DJ Shamil және басқа да орындаушылар өнер көрсетеді. Сонымен қатар, отты шоу, фокусниктердің қойылымы, барабан шоуы және поэтикалық кештер өтеді. Іс-шара барысында 2,5 тонна наурыз көже дайындалып, Қазақстанның «Гиннес» рекорды жаңартылады.

Сонымен бірге, республикалық туристік форум «Түркістан- түркі әлемінің рухани астанасы» өтеді, онда Орталық Азияның туризм саласындағы өкілдері мен қол өнершілер  қатысуы жоспарланған.

         21 наурыз – Бірлік пен ынтымақ күні

Түркістан Конгресс-холлында сағат 18:00-де дәстүрлі қазақ әуендерін заманауи стильде орындайтын «Алқоңыр» ансамблінің концерті өтеді.

         22-23 наурыз

Түркістандық музыкалық-драмалық театрда сағат 19:00-де композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығын бейнелейтін «Вальс королі» спектаклі премьераланады.

Қарағанды

         19 наурыз – Жаңару күні

Теміртаудағы Қысқы бақшасында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, биология саласындағы мамандар дұрыс ағаш отырғызу мен оларды күту жайлы кеңестер береді.

Қарағанды  музейінде сағат 10:00-де «МастерART» атты көрме-конкурс өтеді, мұнда қазақ суретшілерінің шығармалары әртүрлі техника мен жанрда ұсынылады, соның ішінде живопись, графика, мүсін және декоративті-приклад өнер туындылары да бар.

         20 наурыз – Ұлттық спорт күні

Әр ауданда қазақша күрес, көкпар, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер өткізіледі. Сонымен қатар, аудандарда асық ату және гір көтеру жарыстары ұйымдастырылады.

         22 наурыз – Жаңа жылдың бастауы

Қаланың Орталық саябақында мерекелік шерулер  өтеді, мұнда Қазақстандық  эстрада жұлдыздары – Zhoshy және «Дос-Мукасан» ансамбльдері өнер көрсетеді. Қаланың түрлі аудандарында киіз үй нысандары орнатылады.

         23 наурыз – Тазалық күні

Қалалық масштабта «Таза Қазақстан» акциясы өтеді, парктерде және аулада сенбілік ұйымдастырылады.

Биыл Наурыз мерекесі елдің түкпір-түкпірінде әртүрлі нұсқада атап өтіледі. Дәстүрлі салт-дәстүрлер мен заманауи технологиялардың тоғысуы арқылы халық нағыз мерекелік көңіл-күйге бөленіп, жаңа жылға жаңару мен бірлік рухын сезінеді.

Ұлы мереке – жаңа үміт пен жаңғырудың белгісі болсын!

Ақерке Азатқызы