Қаллеки театрында «Махаббатым сен...» драмасының премьерасы өтеді

20 наурыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қаллеки театрында «Махаббатым сен...» драмасының премьерасы өтеді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігін​​​​​​​ен

Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры наурыз айының 20-21 күндері сағат 19.00-де «Махаббатым сен...» драмасының премьерасын ұсынады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Махаббатым сен» махаббат пен шығармашылықтың, өнер адамының жан күйзелісі мен тағдыр тартысының драмалық көрінісі. Шығармашылық пен тұрмыстың, махаббат пен өкініштің, үміт пен сары уайымның астасқан әлемінде көрермен өнердің құдіретін, оның адам жанын қалай өзгертіп, қандай биіктерге жетелейтінін, кейде қандай құрбандықты талап ететінін сезінеді.

Бұл қойылым бір ғана әннің емес, өнердің мәңгілік екендігін дәлелдейтін поэтикалық туынды.

Авторы – Жәнібек Әлікен. Қоюшы режиссері – Бәзіл Сұлтанғазы. Қоюшы суретші – Ерлан Тұяқов. Композитор – Сұлтан Тұрсынбеков. Редактор – Мирас Әбіл. Хореограф – Карина Жиренбаева.

Қойылым Theatre Avenue бэндінің сүйемелдеуімен өтеді.