Елімізде бірқатар қоғам қайраткеріне ескерткіш қойылады
Кеше Ұлттық академиялық кітапханада Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиында монументалды өнер саласындағы сарапшылармен көптеген өзекті мәселені талқыладық. Отырыста мақұлданғандай, алдағы уақытта Қостанай облысының Торғай ауылында Алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлынның ескерткіштері бой көтереді. Сондай-ақ Алматы қаласында Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш және театр қайраткері Жұмат Шанинге бюст орнатылады, - деді министр.
Сондай-ақ, комиссия мүшелері Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Түркістан және Ұлытау облыстары әкімдіктерінің идеялық ұсыныстарын бірауыздан қолдады. Аталған өңірлерде Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаға, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовқа, Нияз батыр Сайдалы Барқыұлына, екінші дүниежүзілік соғыс және еңбек ардагері Жақсыбек Оңшыбаевқа, сондай-ақ түрік саясаткері, мемлекет қайраткері Аднан Мендерске арналған ескерткіштерді жобалау жоспарланып отыр.