Елордада кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша рейд өтті

Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Астанада кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Сарайшық» ауданында алдын алу рейді өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Аудандық полиция басқармасы мен әкімдік қызметкерлері жастар жиналатын орындар мен көшелерді тексерді.
Рейд түнгі 22:00-де басталып, аталған уақыттан кейін көңіл көтеру орындарында болған 5 жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Жасөспірімдердің заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, балалармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелер өткізілді.
Егер бір жыл ішінде аталмыш жағдай қайталанатын болса айыппұл салынатыны ескертілді.
Ұқсас жаңалықтар

10 қыркүйек, 2025
Қатарда жұмыс істейтін қазақтардың еңбек құқығы қалай қорғалады

5 қыркүйек, 2025
Қазақша амандасқанды өте жақсы көремін – елордалық 10 жасар Мариам

30 тамыз, 2025
Конституцияда бекітілген әрбір өзгеріс судьяның шешім қабылдауына тікелей әсер етеді – елордалық судья

30 тамыз, 2025
Ләззат Ахатова: 30 тамыз – тәуелсіздік пен тұрақтылық салтанат құрған күн