Давид Лория жаңа қызметке тағайындалды
2 сәуір, 2025


Фото: kff.kz
Қазақстан футбол федерациясының құрылымында кадрлық өзгерістер орын алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Атқарушы комитеттің шешімімен Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды.
Давид Григорьевич – Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы, УЕФА-ның MIP бағдарламасының түлегі.
Қазіргі таңда ол Астана қалалық мәслихатының депутаты. Сондай-ақ оған елдің әлеуметтік өмірін дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» ордені берілген болатын.
Ұқсас жаңалықтар

16 шілде, 2025
Ерлан Дәкенов Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды

11 шілде, 2025
Нұрсұлтан Құрман Қазақстан футзал қауымдастығының президенті болды

30 маусым, 2025
Президент Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасарын тағайындады

26 мамыр, 2025
Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті тағайындалды