Тоқаев Бангладеш халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
26 наурыз, 2025


Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен Бангладеш халқын осы елдің ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстан Президенті жеделхатында достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ынтымақтастық болашақта да қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппудың жауапты қызметіне табыс, ал Бангладеш халқына құт-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 10:13
Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

4 тамыз, 2025
Әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов аз-кем әңгімелесті

4 тамыз, 2025
Президент Түрікменстанға барды

4 тамыз, 2025
Президент ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаевтың отбасына көңіл айтты