ҚР СІМ: Армениядағы оқиғалар – бұл елдің ішкі ісі
25 маусым, 2025


Фото: Сыртқы істер министрлігінен
Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Армениядағы жағдай бойынша түсініктеме берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Армениядағы оқиғалар – бұл елдің ішкі ісі. Қазақстан Армениямен достық пен стратегиялық серіктестік рухында толыққанды ынтымақтастықты дамытуда. Елдеріміз арасында қалыптасқан өзара сенім атмосферасын бағалаймыз. Армян халқына тыныштық пен амандық тілейміз», - делінген министрлік хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар