Үш күнде 4 есірткі зертханасы жойылды - ІІМ
28 қазан, 2024


фото: Polisia.kz
Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күресті қарқынды жүргізіп келеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Үш күн ішінде полиция төрт есірткі зертханасын анықтап, алты адамды ұстады, олардың екеуі шетел азаматы. Сондай-ақ 66 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның 13-і сату фактісі және тоғызы сақтау фактісі. Заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі, оның ішінде 24 кг «синтетика» және 11 кг марихуана тәркіленді. Аталған қылмыстар бойынша 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл жұмыс жалғасуда», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
Ұқсас жаңалықтар

1 тамыз, 2025
«Қаншама былық»: адвокат Мейірман Шәкеев бельгиялық қазақ Жәнібек туралы айтты

1 тамыз, 2025
Колледж студенттері психотроптық заттарды сатқаны үшін бас бостандығынан айырылды

1 тамыз, 2025
Шымкентте азаматтарды бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

1 тамыз, 2025
Шымкентте кәмелетке толмаған екі қыз жыныстық зорлықтың құрбаны болған