Перизат Қайраттың жоғары білімі мүлде жоқ болып шықты
14 шілде, 2025


Фото: instagram.com/01pk
Астананың Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында өткен тыңдау кезінде прокурорлар Перизат Қайраттың шетелде оқымағанын және бірнеше дипломы бар деген мәлімет шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Прокурор Мадина Оразалинаның айтуынша, Перизат Қайраттың жоғары білімі жоқ.
«Қайрат Перизат 1991 жылғы 5 шілдеде Ақтөбе облысында туған. Тұрмыста емес. Бұрын таратылған «Biz Birgemiz – Қазақстан – 2030» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы әрі басшысы болған. Психиатриялық не наркологиялық есепте тұрмайды. Білімі – аяқталмаған орта», – деді прокурор сот залында.
Ұқсас жаңалықтар

1 тамыз, 2025
«Қаншама былық»: адвокат Мейірман Шәкеев бельгиялық қазақ Жәнібек туралы айтты

1 тамыз, 2025
Колледж студенттері психотроптық заттарды сатқаны үшін бас бостандығынан айырылды

1 тамыз, 2025
Шымкентте азаматтарды бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

1 тамыз, 2025
Шымкентте кәмелетке толмаған екі қыз жыныстық зорлықтың құрбаны болған