Прокурор Перизат Қайратты 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады
22 шілде, 2025


фото: t.me/astanasottary
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот тергеуі аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz қалалық сотқа сілтеме жасап.
Сот жарыссөз кезеңіне өтті. Бүгін мемлекеттік айыптаушылар сөз сөйледі.
Прокурорлар Перизат Қайратқа қатысты мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыруды және 10 жылға қайырымдылық мақсатында ақша қаражатын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыруды сұрады. Ал оның анасы Ғайни Алашбаеваға да дәл осындай шектеулермен мүлкін тәркілей отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
Жарыссөз 23 шілде сағат 10.00-де жәбірленушілердің сөз сөйлеуімен жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар

1 тамыз, 2025
«Қаншама былық»: адвокат Мейірман Шәкеев бельгиялық қазақ Жәнібек туралы айтты

1 тамыз, 2025
Колледж студенттері психотроптық заттарды сатқаны үшін бас бостандығынан айырылды

1 тамыз, 2025
Шымкентте азаматтарды бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

1 тамыз, 2025
Шымкентте кәмелетке толмаған екі қыз жыныстық зорлықтың құрбаны болған