Димаштың әні ең көп тыңдалған 100 композиция қатарына енді
9 сәуір, 2025


фото: Instagram/@kudaibergenov.dimash
Әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Love’s Not Over Yet» әні ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді, деп хабарлады Elordainfo.kz dimashnews-ке сілтеме жасап.
Аталған ән әлемнің көптеген елінде тыңдалып, түрлі музыкалық хит-парадтар мен рейтингтерге енді.
«Әлемнің түкпір-түкпірінен 120 миллионнан астам трекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін француздық Deezer музыкалық ағынды платформасында «Love’s Not Over Yet» Венгриядағы ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді», - деп жазылған хабарламада.
Чехияның OCKO.TV музыкалық арнасы Димаштың жаңа әнін премьерадан кейін бірден Топ-20 үздік әндердің қатарына қосқан болатын. Сондай-ақ бұл композиция үш аптадан бері Ocko Chart рейтингінде бірінші орында тұр.

Ұқсас жаңалықтар

31 шілде, 2025
Аргентина радиостанцияларында Димаш Құдайбергеннің 75-тен астам әні шырқалды

29 шілде, 2025
Қонаевта «Кенжем қайда?» көркем фильмінің түсірілімі жүріп жатыр

29 шілде, 2025
Димаштың әні алғаш рет Disney радиосында қойылды

28 шілде, 2025
Опера әншісі Әйгерім Алтынбек Италиядағы байқауда бас жүлдені жеңіп алды