Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атағын алды

23 шілде, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атағын алды
фото: dimashnews.com

22 шілдеде Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында «Мейкин Азия» IV халықаралық музыка фестивалінің ғаламат финалы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Dimashnews.com жазуынша, Фестивальдің жабылу салтанатында Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаровтың жарлығына сәйкес, Қазақстанның халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайберген «Қырғыз Республикасының халық әртісі» құрметті атағымен марапатталды.

Марапатты Димашқа мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мәмбеталиевтің қатысуымен Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов табыстады.