Атырауда ұлттық киім шеруі өтеді
17 наурыз, 2025


Фото: azh.kz сайты
Атырауда 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай қала тұрғындарының қатысуымен ұлттық киім шеруі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz azh.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл шара Атырау қаласында алғаш рет 2023 жылы 1 маусымда ұйымдастырылып, мыңдаған атыраулықтың қатысуымен өткен еді.
Шеру Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз күні сағат 16:00-де Ту тұғырынан бастап, Исатай-Махамбет алаңына дейін өтеді.
«Қала тұрғындарын ұлттық киім киіп, отбасымен, балаларымен, ата-әжелерімен бірге осы ерекше шараға қатысып, ұлттық дәстүрімізді дәріптеуге шақырамыз», - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.
Шеру мерекелік концертпен жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар

31 шілде, 2025
Аргентина радиостанцияларында Димаш Құдайбергеннің 75-тен астам әні шырқалды

29 шілде, 2025
Қонаевта «Кенжем қайда?» көркем фильмінің түсірілімі жүріп жатыр

29 шілде, 2025
Димаштың әні алғаш рет Disney радиосында қойылды

28 шілде, 2025
Опера әншісі Әйгерім Алтынбек Италиядағы байқауда бас жүлдені жеңіп алды