Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық су спорты федерациясының (World Aquatics) президенті Хусейн Әл-Мусалламды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік награда Хусейн Әл-Мусалламға Қазақстанда және әлемде су спорты түрлерін дамытуға қосқан үлесі үшін берілді.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Ақордада World Aquatics басшысын қабылдап, Қазақстандағы су спортын дамыту және халықаралық ұйыммен ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылаған болатын.