Шымкентте жылқыны көлікке байлап сүйреген жүргізуші жауапқа тартылды

Бүгін, 17:05
Думан Аманжол Думан Аманжол
Шымкентте жылқыны көлікке байлап сүйреген жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: коллаж Elordainfo.kz

Әлеуметтік желіде Шымкентте жүргізушінің жылқыны автокөлікке байлап, жол бойымен сүйрегені түсірілген бейнежазба тарады. Осыған орай полиция тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. 

ІІМ мәліметінше, полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады. Тексеру барысында жылқыдан ешқандай жарақат белгілері анықталмаған.

«Оқиғаға байланысты жүргізуші жануарларға қатыгездік көрсету және оларды тасымалдау қағидаларын бұзу деректері бойынша жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Полиция азаматтарды жануарларды тасымалдау кезінде белгіленген талаптарды қатаң сақтауға және олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырды.

Еске салсақ, Алматы облысында жанжал кезінде көлікке оқ атқан күдіктілер ұсталды.