Оқу-ағарту вице-министрі азаматтарды жеке қабылдады
5 желтоқсан, 2024


Фото: Оқу-ағарту министрлігінен
Азаматтарды қабылдау орталығында ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан азаматтарды жеке қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тұрғындар орта білім және балалардың құқықтарын қорғауға қатысты өзекті мәселелер бойынша жауап алды.
Еділ Оспан тұрғындардың барлық өтініштеріне егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер оның жеке бақылауына алынды. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, азаматтарды жеке қабылдау өңірлерде де, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 16 кіреберісте орналасқан азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында да өтеді.
Ұқсас жаңалықтар

3 тамыз, 2025
Оқушылар информатикадан халықаралық олимпиадада төрт медаль иеленді

1 тамыз, 2025
Қазақстанда мектеп директорларының жетіспеушілігі үш есе қысқарды

1 тамыз, 2025
Қазақстандық оқушылар Халықаралық олимпиадада тарихи нәтижеге қол жеткізді

31 шілде, 2025
Жаңа оқу жылы қарсаңында жарты миллион оқушыға көмек көрсетіледі