11 мыңнан астам мұғалім біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша оқиды
2 шілде, 2025


Фото: Оңалхан Өнерхан
Шілде және тамыз айларында еліміз бойынша Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған курстар жалғасады. Осы кезеңде 11 мыңнан астам педагог білім алады деп жоспарлануда, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бағдарламалар бастауыш сынып мұғалімдерінен бастап қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық пәндер педагогтеріне дейін қамтиды.
Тыңдаушылардың бір бөлігі инклюзивті білім беру, көшбасшылық, инновациялар мен цифрлық сауаттылық бойынша курстарды таңдады.
Жыл басынан бері мұндай курстардан 31 мыңнан астам мұғалім өтті. Атап айтқанда, ауыл мектептерінің педагогтері белсенділік танытып, олардың үлесі жалпы санның 56%-ын құрады.
Ұқсас жаңалықтар

3 тамыз, 2025
Оқушылар информатикадан халықаралық олимпиадада төрт медаль иеленді

1 тамыз, 2025
Қазақстанда мектеп директорларының жетіспеушілігі үш есе қысқарды

1 тамыз, 2025
Қазақстандық оқушылар Халықаралық олимпиадада тарихи нәтижеге қол жеткізді

31 шілде, 2025
Жаңа оқу жылы қарсаңында жарты миллион оқушыға көмек көрсетіледі