Жүзуші Әділбек Мусин Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
1 қазан, 2025
Фото: olympic.kz
Қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль иеленіп, 23.74 нәтижесімен мәреге жетті.
Шешуші жарыста тағы бір отандасымыз Максим Сказобцов (23.90) үшінші орынға табан тіреді.
Осы бағдарлама бойынша әйелдер арасында өткен жарыста София Әбубәкірова екінші нәтиже көрсетсе, Софья Сподаренко мәре сызығын үшінші болып кесті.
Ұқсас жаңалықтар
12 маусым, 2026
Астаналық спортшылар пара армрестлингтен Азия чемпионатында 15 медаль жеңіп алды
9 маусым, 2026
Азия чемпионы атанған астаналық спортшылар елге оралды
8 маусым, 2026
Астаналық гимнаст Испаниядағы турнирде екі қола медаль жеңіп алды
5 маусым, 2026
Астаналық спортшы Азия чемпионы атанды