ТЖМ құтқарушылары тұрғын үйдегі жарылыстың алдын алды – ВИДЕО
18 ақпан, 2026
Фото: ТЖМ
Қостанай облысында екі пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел барды. Өрт сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан пәтерден көлемі 27 литр болатын төрт газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін оқиға орнына ауыл тұрғыны Мұхарбек Ещанов жанып жатқан үйден көмек сұраған әйелдің даусын естіген. Ол үй иесін терезеден құтқарып қалды.
«Үйлесімді және кәсіби іс-қимылдардың арқасында екінші пәтерді сақтап қалуға және өрттің таралуына жол бермеуге мүмкіндік туды.
Зардап шеккендер жоқ», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Еске салсақ, Шымкентте газ реттейтін жабдықтағы алапат өрт сөндірілген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам қамалды – ВИДЕО
13 наурыз, 2026
Елімізде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 580 қару тәркіленді
12 наурыз, 2026
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 11 адам эвакуацияланды
12 наурыз, 2026
ШҚО-да жол саласындағы мекемеде жұмыста жоқ адамға жалақы төленіп келген