Тоқаев Бангладеш халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
26 наурыз, 2026
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен оның барша отандастарын Бангладеш Халық Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Бангладеш арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппудың жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Бангладеш халқына құт-береке тіледі.
Еске сала кетейік, Нұрлан Байбазаров Президент көмекшісі болып тағайындалды.
Ұқсас жаңалықтар
31 шілде, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министріне көңіл айтты
31 шілде, 2026
Орталық Азия жаңа тарихындағы аса табысты кезеңді бастан өткеріп жатыр – Тоқаев
31 шілде, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев консультативтік кездесуге қатысу үшін Қырғызстанға барды
31 шілде, 2026
Мемлекет басшысы Қырғызстандағы консультативтік кездесуге қатысады