Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында Фридрих Эберт атындағы қордың Азия-Тынық мұхиты бөлімінің директоры Мирко Гюнтер бастаған делегациямен кездесу өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Конституциялық Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында шетелдік делегацияға Қазақстанда жүргізілген конституциялық реформа және конституциялық сот төрелігінің қазақстандық моделі таныстырылды.

Сондай-ақ қатысушыларға Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету бағытындағы Қазақстанның тәжірибесі туралы ақпарат берілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін 917 қазақстандықтың конституциялық құқығы қалпына келтірілгені хабарланған еді.