Щучинскіде көпқабатты үйдің лифт шахтасы өртеніп, 75 адам құтқарылды

Бүгін, 10:09
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Щучинскіде көпқабатты үйдің лифт шахтасы өртеніп, 75 адам құтқарылды
Фото: видеодан скриншот/112 KZ

Ақмола облысының Щучинск қаласында тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт тұтануына байланысты 75 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін түнде Ақмола облысының Щучинск қаласындағы тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісіндегі лифт шахтасында қоқыс өртенді.

Құтқарушылар автосатының көмегімен және баспалдақ арқылы 75 адамды, оның ішінде 20 баланы эвакуациялады.

«Өрт шағын аумақта жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт болған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыздар», делінген ТЖМ хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы дәмханада шыққан өрт сөндірілгенін жаздық.