Елордада Республика күніне орай «Менің Қазақстаным» челленджі басталды

Бүгін, 17:49
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада Республика күніне орай «Менің Қазақстаным» челленджі басталды
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада Республика күніне орай әлеуметтік желілерде отансүйгіштік рухты көтеріп, азаматтық жауапкершілікті нығайтуға және мемлекеттік рәміздерге құрметті арттыруға бағытталған «Менің Қазақстаным» бірыңғай челленджі басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бастаманы елордалық мәдениет қайраткерлері, шығармашылық және спорт саласының өкілдері, оқушылар мен белсенді жастар қолдады.

Челлендж аясында қатысушылар әлеуметтік желілерде бейнероликтер жариялап, қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтайды. Сонымен қатар олар Отанға деген сүйіспеншілігі туралы ой бөлісіп, бірлік пен тәуелсіздіктің маңызын және әр азаматтың ел дамуына қосар үлесін қозғайды.

«Менің Қазақстаным» челленджі елорда тұрғындарын ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіруге, мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға және өскелең ұрпақ пен жастардың назарын Республика күнінің маңызына аударуға бағытталған.

Оқи отырыңыз: Астаналық оқушылар Tarlan Astana көлігінде «Көк тудың желбірегені» әнін орындады

Айта кетейік, мереке қарсаңында Астанада 120-дан астам мәдени, қоғамдық, спорттық және патриоттық іс-шара өтіп жатыр.