Елордалық ұстаздар халықаралық байқаудың грантын жеңіп алды

Елордалық ұстаздар халықаралық байқаудың грантын жеңіп алды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанадағы №101 «Келешек мектебінің» ұстаздары мен бастамашыл жастары халықаралық Youth Empowerment Fund (YEF) байқауында жеңіске жетіп, 1 500 еуро көлемінде гранттың иегері атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Команда «AI4Inclusion» жобасы арқылы жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланып, инклюзивті білім беруді дамытуға үлес қосуды көздеп отыр. Алдағы алты айда жоба командасы оқушылардың қажеттілігін зерттеп, жасанды интеллект көмекшілерін сынақтан өткізеді. Жоба қорытындысы бойынша оқыту семинарлары ұйымдастырылып, жинақталған тәжірибе педагогтер қауымдастығына таныстырылады.

YEF байқауы Еуропалық одақтың қолдауымен және Global Youth Mobilization, World Scouting, YMCA секілді халықаралық жастар ұйымдарының серіктестігі аясында жүзеге асырылады.

Еске сала кетсек, Астанада мектеп парламенттерінің жаңа президенттері ант берді.