Астанада оқушылар арасында тоғызқұмалақтан KELESHEK CUP турнирі өтті

Бүгін, 12:42
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада оқушылар арасында тоғызқұмалақтан KELESHEK CUP турнирі өтті
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Республика күніне орай «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Астана қаласында «Келешек мектептері» оқушылары арасында тоғызқұмалақтан қалалық турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

№106 мектепте өткен зияткерлік сайыста оқушылар ұлттық ойыннан шеберліктерін көрсетіп, өзара бақ сынады. Турнирдің басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және мектептер арасындағы байланысты нығайту.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

Ұлдар арасында

I орын – Аян Қуаныш (№101 мектеп)

II орын – Бексұлтан Бұхар (№114 мектеп)

III орын – Бүркіт Сайпулла (№115 мектеп)

Қыздар арасында

I орын – Айнел Тәңірбергенова (№100 мектеп)

II орын – Дилназ Сұлтанқызы (№110 мектеп)

III орын – Ләззат Жетпіс (№112 мектеп)

Турнирді Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Астана қаласының Тоғызқұмалақ федерациясымен бірлесіп ұйымдастырды.