Ақтөбе облысындағы Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында бір кенші оқыс оқиға салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды Elordainfo.kz кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«20 қазанда Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында сақтандыру бекітпесін орнату жұмыстары кезінде тау-кен массасы опырылды. Оқиға салдарынан ұңғылаушы ауыр жарақат алып, қаза тапты», делінген хабарламада.
Кәсіпорын оқыс оқиға туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабар берген. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Компания отбасына қажетті көмек көрсетелетінін мәлім етті.