Астанада фитнес орталық өртенді: Ғимараттан 20 адам эвакуацияланды

Астанада фитнес орталық өртенді: Ғимараттан 20 адам эвакуацияланды
Фото: Астана қаласы ТЖД

Астана қаласында фитнес орталықтағы өртті сөндіру кезінде құтқарушылар 20 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорданың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы ауданындағы Қ. Сәтбаев көшесінде орналасқан екі қабатты фитнес орталықтың жертөле бөлмесінде электр кабелі тұтанды.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Құтқарушылар жертөле бөлмесінің қатты түтінге толғанын анықтады.

Ғимараттағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында газ-түтіннен қорғау қызметінің тобы 20 адамды эвакуациялады.

ТЖМ бөлімшелерінің жедел әрекет етуінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Өрттің одан әрі таралуына жол берілген жоқ. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Еске салсақ, Щучинскіде көпқабатты үйдің лифт шахтасы өртеніп, 75 адам құтқарылды.