Референдумда 9 миллионға жуық қазақстандық дауыс берді

Бүгін, 18:13
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Референдумда 9 миллионға жуық қазақстандық дауыс берді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Орталық референдум комиссиясы сағат 18:00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың сайлау учаскелеріне келу мәліметін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Жалпы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 845 280 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 70,98 пайызын құрады», - делінген хабарламада.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 18.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынаны құрады:

Абай облысы 73,84 %

Ақмола облысы 77,72 %

Ақтөбе облысы 83,12 %

Алматы облысы 70,27 %

Атырау облысы 71,08 %

Батыс Қазақстан облысы 66,90 %

Жамбыл облысы 81,07 %

Жетісу облысы 73,84 %

Қарағанды облысы 81,44 %

Қостанай облысы 80,11 %

Қызылорда облысы 91,80 %

Маңғыстау облысы 76,84 %

Павлодар облысы 71,85 %

Солтүстік Қазақстан облысы 68,58 %

Түркістан облысы 82,03 %

Ұлытау облысы 70,57 %

Шығыс Қазақстан облысы 83,63 %

Астана қаласы 56,72 %

Алматы қаласы 32,82 %

Шымкент қаласы 74,44 %.

Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат 20.00-дегі жағдай бойынша сағат 20.30-да беріледі.