Қазақстандық оқушылар Еуропаның физика олимпиадасында 4 медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар Еуропаның физика олимпиадасында 4 медаль жеңіп алды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Швеция Корольдігінің Гётеборг қаласында 10-шы Еуропаның физика олимпиадасы (European Physics Olympiad, EuPhO 2026) аяқталды. Беделді халықаралық білім додасына әлемнің 41 елінен 200-ден астам оқушы қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанның ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 3 күміс және 1 қола медаль иеленді.

Күміс медаль иегерлері:

Арғын Сейтқамит – Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағыттағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;

Таир Әбдіқадыр – Қостанай облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Мерген Сабыров – Астана қаласындағы NURORDA мектебінің 10-сынып оқушысы.

Қола медаль иегері:

Абылайхан Жоламан – Алматы қаласындағы NURORDA мектебінің 10-сынып оқушысы.

Ұлттық құраманың халықаралық олимпиадаға қатысуын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Бекмырза Бейсенов пен халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Темірлан Исмағұлов үйлестірді.

Еуропаның физика олимпиадасы – физика пәні бойынша дарынды оқушылардың теориялық білімі мен эксперименттік дағдыларын бағалайтын беделді халықаралық жарыстардың бірі.