Қазақстандық астыққа сыртқы сұраныс артып келеді

Бүгін, 13:16
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстандық астыққа сыртқы сұраныс артып келеді
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының мәліметінше, 2025 жылдың қыркүйегі мен 2026 жылдың наурызы аралығында астық пен ұнның астық баламасындағы экспорт көлемі 8,9 млн тоннаны құрады,, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 млн тоннаға артық (7,9 млн тонна).

Негізгі экспорт бағыттары бойынша өсім байқалады. Мәселен, Өзбекстан бағытына жеткізілім 14%-ға ұлғайып, 6,6 млн тоннадан 7,5 млн тоннаға жетті. Қырғызстанға экспорт көлемі 1,8 есеге артып, 194 мың тоннадан 354 мың тоннаға дейін көбейді.

Сондай-ақ Ауғанстанға жөнелтілім 24%-ға өсіп, 1,1 млн тоннадан 1,3 млн тоннаға жетсе, Түрікменстан бағыты бойынша экспорт 1,5 есеге артып, 94 мың тоннадан 145 мың тоннаға дейін ұлғайды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, экспорт көлемінің артуы сыртқы нарықта қазақстандық астық өнімдеріне тұрақты сұраныстың бар екенін және логистиканы дамыту бағытында қабылданған шаралардың тиімділігін көрсетеді.

Еске салайық, Үкіметте сиыр етін экспорттау мен жұмыртқа импортына қатысты шешім қабылданды