Қазақстан Қытайда өткен триатлоннан Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

14 маусым, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстан Қытайда өткен триатлоннан Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы Қытайдың Сюйчжоу қаласындағы триатлоннан Азия чемпионатында екі медаль еншіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап. 

Екі жүлде де алтын болды. Тұғырдың ең биік сатысына Рамазан Айнегов пен Ясмина Бузуртанова көтерілді.

Айнегов U17 жас санатында чемпион атанды. «Суперспринт» дисциплинасында қазақстандық спортшы мәреге 00:25:49 уақыт көрсеткішімен бірінші болып жетті.

Ал 15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста Ясмина Бузуртанова қашықтықты 00:30:56 нәтижесімен бағындырып, алтын медаль иеленді.

Ертең, 14 маусымда, эстафеталық жарыстарда жүлделер сарапқа салынады.