Президентке KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

4 мамыр, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Президентке KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді
Фото: Ақорда

KEDEN бірыңғай цифрлық платформасы кедендік бақылау үдерісін оңтайландыруға және жетілдіруге, сауда барысы мен шекарадан өтуді жеңілдетуге арналған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ал SmartCargo – кеден, көлік, Ішкі істер министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, фармацевтикалық және сауданы реттеу сервистерін біріктіретін логистикалық қызметтердің бірегей цифрлық терезесі. 

National Road Geoportal (KazMaps) мониторинг пен инфрақұрылымға арналған Қазақстан автожолдарының цифрлық картасын ұсынады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Алматы қаласының ІТ экожүйесімен және білім беру, маман даярлау, балалар қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіп пен жол-көлік қозғалысын бақылау секілді цифрлық шешімдермен танысты. 

Сонымен қатар Президент Орталық Азиядағы балаларға арналған алғашқы ғылыми музейді аралады.

GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 көрмесіне 600-ден аса халықаралық компания, соның ішінде Cisco, Cloudflare, Google Cloud, Huawei, Dell, H3C Technologies, Lenovo, Trend Micro, Hikvision, HP, Noventiq, Redington, Salesforce, Vertiv және басқа да әлемдік технология көшбасшылары қатысуда. 

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барғаны туралы жаздық.