Президент Вера Сидорованың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
9 сәуір, 2025
фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Вера Сидорованың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Вера Васильевна ғибратты ғұмырында қатардағы агрономнан бастап Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы төрағасының міндетін атқарушыға дейінгі еңбек жолынан өтті. Ол қазақ даласындағы тың игеруге, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Вера Васильевнаны адамгершілік және өмірлік ұстанымына берік қасиеттері ерекшелеп тұратын. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде студенттерге көмек көрсетуі оның шын мәнінде патриот әрі әділдік үшін күресте тайсалмайтын тұлға екенін дәлелдейді», – деп жазылған жеделхатта.
Ұқсас жаңалықтар
25 қыркүйек, 2026
UBTECH Robotics Corp компаниясының аға президенті Мемлекет басшысына алғыс айтты
25 қыркүйек, 2026
Президент Qazpost-YTО бірлескен кәсіпорнының жұмысын оң бағалады
25 қыркүйек, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Xinfa Group компаниясының президентін қабылдады
25 қыркүйек, 2026
Президент Fufeng Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады