Президент қоғамдық жұмысқа атсалысып жүрген жастарға алғыс айтты
11 қазан, 2025
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Jasyl El ұйымының белсенділерімен әңгімелесіп, қоғамдық жұмысқа атсалысып жүрген жастарға алғыс айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Бұл – өте қажетті жұмыс. Еліміз бен халқымыз үшін керек іс. Сондықтан Сіздерге табыс тілеймін. Істеріңіз сәтті болсын. Ең алдымен ниетіміз таза болуы керек. Отанымыз үшін қызмет етуге тиіспіз. Jasyl El ұйымының жұмысын қолдаймын. Жұмыстарыңыз өзге жастарға өнеге, олар Сіздерден үлгі алады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын Президент Астана қаласындағы Ботаникалық саябақта ерікті және белсенді жастармен бірге ағаш екті.
Ұқсас жаңалықтар
28 маусым, 2026
Астанада төрт автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
28 маусым, 2026
Creative Aimaq: Қобыланды Болат елордалықтарға ерекше концерт сыйлады
28 маусым, 2026
Астанада бір топ БАҚ қызметкері баспаналы болды
28 маусым, 2026
Астанада 1800-ден астам адам POLICE RUN-2026 бұқаралық жүгірісіне қатысты