Президент Қатар халқын Ұлттық мерекесімен құттықтады
18 желтоқсан, 2024
Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни мен оның отандастарын Қатар Мемлекетінің Ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қатар Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі басты серіктестерінің бірі екеніне тоқталып, екі ел арасында сындарлы және мазмұнды қарым-қатынас орнағанын атап өтті. Сондай-ақ дәстүрлі достық пен бауырластық рухындағы берік ынтымақтастық нығая түсіп, қос халықтың игілігі үшін ілгерілей беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Қатар халқына құт-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
18 қыркүйек, 2026
Қазақстан мен Бавария Орта дәлізді дамыту мәселесін талқылады
18 қыркүйек, 2026
Қазақстан мен Жапония жасыл жобаларды қаржыландыруды талқылады
17 қыркүйек, 2026
Президент Үндістан Премьер-министріне жеделхат жолдады
17 қыркүйек, 2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен форумда шекара қауіпсіздігі мәселесін көтерді