Оралда комиссиялық дүкен заңсыз жолмен 128 млн теңге табыс тапқан

Оралда комиссиялық дүкен заңсыз жолмен 128 млн теңге табыс тапқан
Фото: freepik.com

Орал қаласында заңсыз қарыз беру схемасы әшкереленді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Оралдағы заңсыз микрокаржылық қызмет жүргізу ісін тергеуді агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жүргізді.

«Аванс 07» ЖШС-ның басшысы тиісті лицензиясыз зергерлік бұйымдарды кепілге алып, ақша беруді ұйымдастырған. Бұл қызмет «Уральск Золото»  комиссиялық дүкеннің жұмысы ретінде көрсетіліп, жасырын түрде жүргізілген. Қарыздар комиссия шарттары арқылы рәсімделген, ал пайыздық төлемдер зергерлік бұйымдарды сақтау қызметінің ақысы ретінде көрсетілген», делінген хабарламада.

Заңсыз қызмет барысында 2 мыңнан астам қарыз берілген. Күдікті қылмыстық жолмен 128 млн теңгеден астам табыс тапқан.

Қазір тергеу әлі жүргізіліп жатыр. Сот санкциясымен күдіктінің автокөлігі мен 6 млн теңге көлеміндегі қолма-қол ақшасына тыйым салынды.

Еске сала кетсек, Шымкентте алаяқтар iPhone 17-ні 45 мыңға сатқан.