Мысырға баруды жоспарлап жүрген қазақстандықтар үшін елге кіру талаптары жеңілдетіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы екі елдің сыртқы істер министрлері Мұхтар Тілеуберді мен Бадр Абдельатти арасындағы келіссөздер барысында белгілі болды.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 2006 жылғы 7 қарашадағы дипломатиялық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттамаға қол қойылды. Құжат жарамды қызметтік паспорттары бар Қазақстан және Мысыр азаматтарына да визасыз режимді қолдануды көздейді.
Келіссөздердің тағы бір маңызды нәтижесі – Қазақстанды азаматтарына туристік мақсатпен Мысырға кіру кезінде қосымша талаптар қойылатын Орталық Азия мемлекеттерінің тізімінен шығару туралы уағдаластыққа қол жеткізілуі. Бұл шешім қазақстандық туристердің Мысырға кіру шарттарын жеңілдетуге және туристік алмасуларды одан әрі дамытуға бағытталған.
Еске салайық, бұған дейін келесі айдан бастап елімізден Токиоға тікелей ұшып баруға болатыны туралы жаздық.