Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік сыртқы істер министрі, БАӘ-нің БҰҰ жанындағы бұрынғы Тұрақты өкілі Лана Заки Нусейбенің кандидатурасын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы лауазымына ұсынуын құптайды және осы бастаманы қолдайтынын білдіреді, деп хабарлайды Elordainfo.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәлімдеуінше, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, орнықты даму және адам құқықтарын қорғау ісінде БҰҰ тиімділігін арттыруға қатысты үміттердің өсуі жағдайында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының сайлауы халықаралық қоғамдастықтың ерекше назарын аударып отыр.
Қазақстан өз тарапынан халықаралық қатынастардағы БҰҰ-ның орталық рөлін нығайтуды, оның қызметінің тиімділігін арттыруды және жаһандық сын-қатерлерге ден қоюдың көпжақты тетіктерін жетілдіруді дәйекті түрде жақтайды.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді биылғы жылы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясында сөйлеген сөзінде атап өткендей, келесі Бас хатшыны сайлау сессияның айқындаушы оқиғаларының бірі болмақ. Қазақстан БҰҰ Жарғысына толық сәйкес келетін ашық, инклюзивті және кандидаттардың кәсіби еңбек үлесіне негізделген іріктеу процесін жақтайды.
Еске сала кетсек, қараша айында Астанада БҰҰ қолдауымен киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі халықаралық конференция өтеді.