Астанада жеке тұрғын үйден өрт шықты – ВИДЕО

Бүгін, 09:41
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада жеке тұрғын үйден өрт шықты – ВИДЕО
Фото: видеодан скриншот/ТЖМ

Астанада С.Сейфуллин көшесіндегі екі қабатты жеке тұрғын үйдің мансардасы мен екінші қабатының төбе жабындысы өртенді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде үйдің мансардасы ашық жалынмен жанып жатқан. Құтқарушылар дереу өрт сөндіру жұмыстарына кірісіп, оны ауыздықтау үшін қажетті шараларды қабылдады.

«Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің нәтижесінде өрт 80 шаршы метр аумақта сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген хабарламада.

ТЖМ ескертеді: өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз, электр сымдары мен жылыту құрылғыларының жарамдылығын тексеріп отырыңыз. Өрт анықталған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласыңыз.