Интернет арқылы жұмыс ұсынып, есірткі таратқандар ұсталды

Бүгін, 09:59
Думан Аманжол Думан Аманжол
Интернет арқылы жұмыс ұсынып, есірткі таратқандар ұсталды
Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі шетелдік құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген ірі арнайы операция нәтижесінде адамдарды есірткі айналымына тартумен айналысқан трансұлттық схема тоқтатылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, қылмыстық топтың ұйымдастырушылары шетелде отырып, интернет арқылы «жоғары жалақысы бар жұмыс» деген жалған хабарландыру таратқан. Осылайша олар заңды қызмет ретінде көрсетіп, азаматтарды заңсыз есірткі айналымына тартқан.

Тапсырмалар арнайы колл-орталықтар арқылы беріліп отырған. Нәтижесінде еліміздің 11 өңірінде 40 Қазақстан азаматы ұсталды. Оның ішінде есірткі таратумен айналысқан 11 адам қамауға алынса, тағы 9 адам есірткі қолданғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Арнайы операция барысында синтетикалық есірткі, компьютер құрылғылары, банк карталары, смартфондар және өзге де айғақтар тәркіленді.

Еске салсақ, Ақмола облысында ірі есірткі зертханасын ұйымдастырған әке мен бала ұсталған болатын.