Алматы облысында зооқорғаушы Владимир Тепляковтың өліміне қатысты күдікті ұсталды

Бүгін, 11:59
Думан Аманжол Думан Аманжол
Алматы облысында зооқорғаушы Владимир Тепляковтың өліміне қатысты күдікті ұсталды
Фото: instagram.com/dog_house_almaty

Алматы облысында зооқорғаушы Владимир Тепляковтың өліміне қатысты күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта ол қамауға алынған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Алматы облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс 7 қазанда қозғалған. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, қолға түсті.

«Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, ұсталған адамның аталған қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады полицияда.

Айта кетейік, Алматы облысының Полиция департаменті басшылығы тарапынан тергеу барысы ерекше бақылауға алынды. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты өзге ақпарат жария етілмеді.

Еске салсақ, елордада тұрақта тұрған жеңіл автокөлік өртенді.