Елордадағы жағажайда 11 жасар бала суға кетіп қала жаздады
7 маусым, 2025
фото: ТЖМ
Кеше "Сарыарқа" ауданындағы коммуналдық жағажайда, Ш.Бейсекова көшесіндегі көпір маңында жүргізілген жоспарлы патрульдеу барысында Төтенше жағдайлар министрлігі жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 11 жастағы баланы құтқарып қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ТЖМ мәліметінше, шомылып жүрген кезде баланың аяғы тартылып, судан шыға алмай, үрейлене бастаған. Құтқарушылар дер кезінде көмек көрсетіп, баланы судан алып шықты.
Медициналық көмек қажет болмады — жағдайы қанағаттанарлық.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам қамалды – ВИДЕО
13 наурыз, 2026
Елімізде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 580 қару тәркіленді
12 наурыз, 2026
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 11 адам эвакуацияланды
12 наурыз, 2026
ШҚО-да жол саласындағы мекемеде жұмыста жоқ адамға жалақы төленіп келген