Елордада тоғыз қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты
20 маусым, 2026
Фото: ТМЖ
Елордадағы тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде 14 адам құтқарылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түнде Сарайшық ауданында А-91 көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үй кешенінің бірінде жиһаз бен тұрмыстық заттар өртенді. Өрт 10 шаршы метр аумақты шарпыды.
Оқиға орнына келген төтеншеліктер өртті сөндіруге және үй-жайларды тексеруге кірісті. Оқыс оқиға кезінде ғимараттан 110 адам өзі шықты.
Құтқару барысында газ-түтіннен қорғау қалпақтарының көмегімен 14 адамды құтқарды. Олардың ішінде 5 бала бар.
Өрт толық сөндірілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.
Еске сала кетсек, таяуда Астанада өрт сөндірушілер екі мысықты құтқарды.
Ұқсас жаңалықтар