Елордада Бараев көшесінде көлік қозғалысы ішінара жабылады

Елордада Бараев көшесінде көлік қозғалысы ішінара жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

16–24 маусым аралығында А. Бараев көшесінде Республика даңғылынан Ш. Уәлиханов көшесіне дейінгі учаскеде орташа жол жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Жөндеуге байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

«Жүргізушілерден маршрутын алдын ала жоспарлауын және қозғалысты ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруін сұраймыз», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Ұлы дала даңғылының бір бөлігі уақытша жабылатынын хабарладық.